Біз туралы

"ЗАРЕЧНОЕ" бiрлескен кәсiпорны" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) Қоғам органдарының атауын, орналасқан жерiн, құрылу тәртiбiн және құзыретiн, Қоғамның қызметiн қайта ұйымдастыру, тоқтату шарттарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да ережелердi айқындайды.

Қоғам Құрылтайшылардың шешiмi негiзiнде жасалған, Қоғамды құру және оның қызметi туралы Құрылтай шартына (2001 жылғы 23 тамыздағы Құрылтайшылар жиналысының  хаттамасы) сәйкес құрылды.

Қоғамның толық және қысқартылған фирмалық атауы: 

мемлекеттік тілде:

• толық атауы – «ЗАРЕЧНОЕ» Бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы;

• қысқартылған атауы – «ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ;

орыс тілінде:                                             

• толық атауы – Акционерное общество «Совместное предприятие  

«ЗАРЕЧНОЕ»;

• қысқартылған атауы – АО «СП «ЗАРЕЧНОЕ»;

ағылшын тілінде:

• толық атауы – Joint stock company «Joint venture «ZARECHNOE»;

• қысқартылған атауы – JSC «JV «ZARECHNOE»;

қырғыз тілінде:

• толық атауы – «ЗАРЕЧНОЕ» «биргелешкен ишканасы» Акционердик коому;

• қысқартылған атауы – «ЗАРЕЧНОЕ» БИ» АК.                                                                                             

Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері: 160712, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Темір ауылдық округі, Б. Момышұлы көшесі, № 51 ғимарат.

Қоғам қызметінің мерзімі – шектелмеген.

Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында әрекет ететін заңды тұлға болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының заңнамасы) және Қоғам Жарғысын, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының және Компанияның басқа да органдарының  шешімдерін басшылыққа алады.

Қоғамның дербес балансы, банк шоттары болады, өз атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра алады, мiндет алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады.

Қоғамның мөрi, өз атауы жазылған фирмалық бланкiлерi және оның қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де деректемелерi болады.

Қоғамның қаржылық және өндiрiстiк қызметi шаруашылық дербестiк негiзiнде жүзеге асырылады.

Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның Жарғысында белгiленген тәртiппен заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға құқылы.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртiппен Қоғам өзiнiң тұрған жерiнен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын, Қоғамның атынан және тапсырмасы бойынша олар туралы Ереженiң негiзiнде  әрекет ететiн филиалдар (өкiлдiктер) құруға құқылы.

Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның Жарғысына сәйкес өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады.

Қоғам акционерлер Қоғамның акцияларын төлеуге берген мүлiктiң, өзiнiң шаруашылық қызметi нәтижесiнде алынған мүлiктiң (кiрiстердi қоса алғанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша сатып алынған мүлiктiң меншiк иесi болып табылады.

Қоғам өз акционерлерiнiң мүлкiнен оқшауланған мүлiкке ие болады және олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Қоғам өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады. Мемлекет Қоғамның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, Қоғам мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

Қоғамның акционерлерi оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерiне тиесiлi акциялардың құны шегiнде Қоғамның қызметiмен байланысты залалдар тәуекелiн көтередi.