Компания тарихы

"ЗАРЕЧНОЕ" БК" АҚ Түркістан облысының Отырар ауданында орналасқан "Заречное" уран кен орнын өңдеу үшін құрылды.

Қазақстан Республикасының Оңтүстiк Қазақстан облысындағы «Заречное» кен орнында уранды барлау және өндіру жөніндегі N 996 келiсiмшартқа (бұдан әрі - Келісімшарт) 2002 жылғы 23 қыркүйекте қол қойылды.

Кен орнындағы геологиялық барлау жұмыстарының кезеңі ҚР ҚМК-дағы қорларды есептей отырып, есептемені қорғаумен 2004 жылғы маусымда аяқталды (23.06.2004 ж. №319-04-К,У хаттамасы).

"ЗАРЕЧНОЕ" БК" АҚ Тау-кен телімін алғаннан кейін өндіру кезеңіне кірісті (27.06.2005 ж. № 16-09-3/722 хат).

Технологиялық ұңғымаларды бұрғылау арқылы қорларды игеруге дайындау 2006 жылғы 1 наурызда басталды.

"ЗАРЕЧНОЕ" жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру кенішін Мемлекеттік қабылдау комиссиясы 2007 жылғы 23 сәуірде пайдалануға қабылдады.

Уранды өнімді ерітінділерде өндіру және «сары кек» түріндегі дайын өнімді шығару 2007 жылғы мамырда басталды.

Өндіріс әдісі:

а) уранды күкірт қышқылды ерітінділермен өнімді ерітінділердің (ӨЕ)  сорғылық ерітіндісімен жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру (ЖҰС) және оларды одан әрі тасымалдау;

б) күшті негізді аниониттердегі кешенді уранил-сульфат иондарын ӨЕ-ден сорбциялық алу, содан кейін уранил-сульфат иондарын нитратты ерітінділермен десорбциялау;

в) тауарлық десорбаттардан алынған уранды каустикалық содамен (NaOH) тұндыру, кейіннен алынған қойыртпақтарды сүзу және дайын өнімді натрий диуранаты - «сары кек» түрінде шығару;

Өнімді ерітінділерді қайта өңдеу учаскесіндегі өндірістік үдерістерді бақылау және басқару өндірістік үдерістерді диспетчерлеу және автоматты басқару жүйесі (ТҮБАЖ) арқылы жүзеге асырылады.

Заречное ЖҰС кенішінің жобалық қуаты жылына 1 000 тонна уран. 2007 жылдан бастап 2024 жылға дейін уран өндіру әр жылдары жылына 114 - 942 тонна шегінде болды, негізгі өндіру кезеңдері орташа алғанда жылына 776 - 830 тонна уранды құрады (ең жоғары жылдық өндіру 2012 жылы - 942 тонна).

2017 жылы "ЗАРЕЧНОЕ" БК" АҚ Тау-кен телімі аумағын 50% -ға ұлғайтты және ауданы 56,7 км2 кеңейтілген Тау-кен теліміндегі Заречное кен орнының қорларын қайта бағалау және жете барлау жобасына Толықтыру әзірледі.

2022 жылдан бастап жаңа кеңейтілген тау-кен теліміндегі  геологиялық блоктар пайдалануға берілді.

2024 жылғы қазанда № 996 келісімшарттың қолданылу мерзімі және тиісінше Заречное кен орнының уран өндіру кезеңі 2028 жылдың соңына дейін ұзартылды.