«ЗАРЕЧНОЕ» БК АҚ-нда (ары қарай - Қоғам) Тәуекелдерді басқару жүйесі бір-бірімен өзара байланысты бірегей процеске біріктірілген элементтердің жинағын білдіреді, оның шеңберінде Қоғамның әрбір қызметкері өз деңгейінде Қоғамның қызметіне әсер етуі мүмкін әлеуетті оқиғаларды анықтауға қатысады, сонымен қатар акционерлер үшін қолайлы тәуекел деңгейінің шеңберінде сол жағдайларды басқаруға қатысады.
«ЗАРЕЧНОЕ» БК АҚ тәуекелдерді басқарудың келесі негізгі қағидаларын анықтайды:
- Тұтастық – тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің бөлігінде Қоғамның жиынтық тәуекелінің элементтерін қарау;
- Ашықтық – тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін автономды немесе оқшауланған түрінде қарауға тыйым салу;
- Құрылымдылық – тәуекелдерді басқарудың кешенді жүйесінің нақты құрылымдары бар;
- Ақпараттылық – тәуекелдерді басқару объективті, шынайы және өзекті ақпараттардың бар болуымен ерекшеленеді;
- Үздіксіздік – процесс управления рисками осуществляется на постоянной основе;
- Циклдылық – тәуекелдерді басқару процесі оның негізгі компоненттеріндегі қалыптасқан үнемі қайталанатын циклді білдіреді;
- Үздіксіз жетілдіру – сыртқы ортадағы өзгерістер, тәуекелдерді басқарудың әлемдік тәжірибесіндегі жаңалықтар, рәсімдер мен технологиялар стратегиялық міндеттерді есепке ала отырып, ақпараттық жүйелерді қоса алғанда, тәуекелдерді басқару бойынша жұмыстарды жетілдіру.
"Заречное "БК АҚ тәуекелдерді анықтау келесі екі тәсілді пайдалана отырып, жүзеге асырылады:
- бастапқы анықтау және тәуекелдерді түгендеу – тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу кезіндегі тәуекелдердің бастапқы тіркелімін жасау және оның тұрақты қаралымы. Тәуекелдерді бастапқы анықтау барысында келесі бағалауды жүргізу және сол тәуекелдерді басқару әдістерін айқындау үшін тәуекелдердің тізілімі құрастырылады. Тәуекелдерді түгендеу процесі алдыңғы айқындалған тәуекелдерді тұрақты (жылына кемінде бір рет) қайта қарауды болжайды, яғни тәуекелдер тіркелімінде тұрған тәуекелдердің өзектілігі мен маңыздылық деңгейін анықтау.
- Әлеуетті тәуекелдерді табу – ағымдағы қызмет барысында әлеуетті тәуекелдерді анықтау. Жаңа тәуекелдер тек қана тәуекелдерді басқару жүйесінің шеңберіндегі тұрақты рәсімдер барысында ғана емес, сондай-ақ Қоеғамның қызметкерлері өздерінің ағымдағы әрекеттерін (мысалы: жарияланымдар мен баяндамалардың мониторингі әдісін қолдану) жүзеге асыру барысында да анықталған болуы мүмкін.