Біздің стратегия

  • «ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ 2025-2034 жылдары өз қызметін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның бекітілген Даму стратегиясының қағидаттарын қатаң сақтауға негізделген, Даму бағдарламасы шеңберінде жүзеге асыратын болады.

Басты назар оңтайлы шығындар кезiнде өнiмнiң максималды көлемiн қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, өндiрiстiк, ғылыми-техникалық және экономикалық шараларға аударылатын болады.

Үдерістерді ұдайы жетілдіру, озық тәжірибелерді енгізу және жұмыскерлердің кәсіби деңгейін арттыру тұрақты дамуға, өнімділіктің өсуіне және қаржылық нәтижелердің жақсаруына ықпал ететін болады.

 

  • Қоғамның стратегиялық мақсаты: тұрақты даму қағидаттарын ескере отырып, уранды өндіру және қайта өңдеу кезінде ресурстарды ұтымды пайдалану арқылы тиімді қызметті қамтамасыз ету.

Қоғам Акционерлері жыл сайынғы негізде Қоғам алдына қойылған негізгі мақсатқа қол жеткізуге бағытталған ПӘК тізбесі мен нысаналы мәндерін айқындайды.

Акционерлер айқындаған қызмет көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерiне қол жеткiзу үшiн, Қоғам қызметтегi озық тәжiрибелердi, ғылыми-техникалық жетiстiктердi пайдалана отырып, инновациялық жобаларды енгiзе отырып, талап етiлетiн сапа мен мөлшердегі уранды барынша тиiмдi және үнемдi тәсiлдермен өндiрудi және қайта өңдеудi жүзеге асырады.