Нетбаев Асхат Болатович

Заместитель генерального директора по производству

Қазақстан Республикасының азаматы, 1988 жылы 19 мамырда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

2005-2009 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің мұнай және газ факультетінде «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша білім алды. 2015-2016 жылдары Томск политехникалық университетінде «Уранды жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру технологиясы» мамандығы бойынша кәсіби қайта даярлаудан өтті. 2018-2022 жылдары ALMA University-де (Халықаралық бизнес академиясы) оқыды, онда іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежесін алды.

Атом саласындағы еңбек жолын 2009 жылғы маусымда «Реммонтажсервис» ЖШС («РМС-Шиели») жөндеу-монтаждау цехының слесарь-жөндеушісі лауазымынан бастады. Сол жылы қыркүйек айында сол цехтың механигі лауазымына ауыстырылды.

2010 жылғы қыркүйекте «Қызылқұм» ЖШС-не «Хорасан-1» кенішінің ГТП және ЖҚЖУ механигі лауазымына қабылданды. 2014 жылдың қыркүйегінен бастап «Хорасан-1» кенішінің ЖҚЖУ бастығы қызметін атқарды. 2018 жылғы қаңтарда «Хорасан-1» кеніші директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, ал 2019 жылғы шілдеден бастап осы кеніштің директоры болып тағайындалды.

2024 жылдың наурызынан бастап «Қызылқұм» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің орынбасары қызметін атқарды. 2025 жылғы наурызда "ЗАРЕЧНОЕ" БК" АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.