Нуржанов Канат Есенгелдиулы

Генеральный директор

Қазақстан Республикасының азаматы, 1982 жылы 21 қазанда , Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында туылды.

Томск политехникалық университетінің "Физика-техникалық" факультетін "Сирек элементтер мен олардың негізіндегі материалдардың химиялық технологиясы" (1999-2005) мамандығы бойынша бітірді, Іскерлік әкімшілендіру магистрі - Master of Business Administration (MBA) (2022) дәрежесін алды.

Еңбек жолын университетті аяқтағаннан кейін 2005 жылғы сәуірде «Тау-кен компаниясы» ЖШС филиалы - «Таукент тау-кен-химия комбинаты» химия-металлургия зауытының аффинаж цехының технологы лауазымынан бастады.

2006 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде «Қанжуған» кенішінің Өнімді ерітінділерді өңдеу учаскесінің технологы және «Таукент тау-кен-химия кәсіпорны» ЖШС-де «Химия-металлургия зауытының» бас инженері болып жұмыс істеді, одан әрі «Қазатомөнеркәсіп - Sauran» ЖШС Аффинаж цехының бастығы болып тағайындалды.

2017 жылғы мамырдан 2018 жылғы қыркүйекке дейін "ОРТАЛЫҚ" ЕК" ЖШС "Өндірістік-техникалық басқармасының" бас менеджері (технологы) және бастығы лауазымдарында қызметін жүзеге асырды.

2018 жылдан 2020 жылға дейін «Волковгеология» АҚ-да Төрағаның өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Уран өнеркәсібіндегі мансабын 2020 жылғы мамырда "ЗАРЕЧНОЕ" БК" АҚ-да Бас директордың өндіріс жөніндегі  орынбасары лауазымымен жалғастырды, 2024 жылғы ақпанда Бас директор болып тағайындалды.