Шаиков Әнуар Әшімұлы

Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

Қазақстан Республикасының азаматы. 1995 жылы Павлодар облысының Павлодар қаласында дүниеге келген.

2018 жылы Ресей кәсіпкерлік академиясын (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы) «Экономика» мамандығы бойынша бітірген, 2019 жылы Швейцарияның EU Business school бизнес мектебін (Женева қ., Швейцария) «Master of business administration (MBA)» біліктілігі бойынша үздік белгімен бітірген.

Атом саласындағы еңбек жолын 2020 жылы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-да Корпоративтік қаржы департаментінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің менеджері ретінде бастады.

2021-2025 жылдар аралығында "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері және бас сарапшысы лауазымдарын атқарды.

"ЗАРЕЧНОЕ" БК" АҚ-дағы мансабын 2025 жылы жоспарлы-экономикалық бөлімнің бастығы ретінде бастады.

2026 жылғы сәуірден бастап "ЗАРЕЧНОЕ" БК" АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Қоса атқаратын жұмысы жоқ.