Өздеріңіз білетіндей, біздің елімізде әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру бағыты қолға алынып отыр.
Бұл әр түрлі бағыттар бойынша жүйелі жұмысты талап етеді.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін институттар мен тетіктерді құруға бағытталған мақсатты және кезең-кезеңмен бағдар ұстанады.
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия қабылданды. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша міндеттер алғаш рет белгіленген. Біздің жұмыстағы басты басымдық - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" қабылданған жаңа заң да жұмыстың алдын алу алдын алу акценттерін көрсетеді.
Әлемдік тәжірибе, жетекші және неғұрлым дамыған елдердің тәжірибесі, Біз барлығымыз біртұтас ағза ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алған жағдайда табысқа қол жеткізуге болатынын көрсетеді.
"Жұмыла көтерген жүк жеңіл"деген қарапайым қазақ ақиқаты бар.
Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет құндылықтарының түбегейлі өзгеруі мен жақсаруына қол жеткізу үшін тек барлығымыздың бірігуіміз керек екенін біз барлығымыз жақсы түсінеміз.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 98
Жарлығы
Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру бағытымен мақсатты және кезең-кезеңмен жүріп келеді.
Қылмыстық-құқықтық саясат сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін лауазымды тұлғалардың қатаң жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Осындай қағидаттық тәсіл жаңа Қылмыстық кодексте іске асырылған. Мәселен, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған адамдарға мерзімнің ескіруі қолданылмайды, шартты түрде соттауға тыйым салынады, мемлекеттік қызметте лауазымдық орын алу құқығына өмір бойы тыйым салынады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін басшылардың дербес жауапкершілігі жөніндегі нормалармен толықтырылды.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарынан материалдық және материалдық емес игіліктерді заңсыз алу жүріп жатыр, оның нәтижесі қоғам мүдделерін бұзу және мемлекеттік билік беделін төмендету болып табылады.
Сондықтан мемлекет қызметтік өкілеттіктерді пайдакүнемдік мақсатта пайдалану тиімсіз болатындай және мүмкін болмайтындай барлық шараларды әрі қарай да қабылдап және жағдайлар жасайтын болады.
Осындай маңызды шаралардың бірі мемлекеттік қызметшілердің өз кірістерін ғана емес, сондай-ақ шығыстарды да декларациялауы болады. Алдағы уақытта мұндай декларациялау барлық халыққа таратылатын болады, бұл заңдылықты сақтауға және мемлекеттік қызмет жүйесінде ашықтықты қамтамасыз етуге оң әсер етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңы
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік пен жаза Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, әкімшілік жауапкершілік пен әкімшілік жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жаза – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер
- жақын туыстарының, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлесіп қызмет атқаруына (жұмыс істеуіне) жол берілмейді ( Ескертпе. Осы Заңда жақын туыстары деп ата – анасы (ата-анасы), балалары, ұл, қыз асырап алушылар, асырап алынған ұлдар (қыздар), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері, жекжаттары деп жұбайының (зайыбының) аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары мен балалары түсініледі.
- қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдамайды
Қылмыстық кодекс. 366-бап. Пара алу
Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi тұлғаның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамның не лауазымды тұлғаның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде пара берушінің немесе ол ұсынатын тұлғалардың пайдасына әрекет еткені (әрекетсіздік) үшін (егер мұндай іс-әрекеттер (әрекетсіздік) осы адамның қызметтік өкілеттігіне кірсе немесе ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал ете алса), сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. 2. Елеулі мөлшерде жасалған дәл сол әрекет, сол сияқты заңсыз әрекеттер (әрекетсіздік) үшін пара алу) –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар жасалған болса:
1) қорқытып алу жолымен;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
3) ірі мөлшерде;
4) бірнеше рет, –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса, сол сияқты аса ірі мөлшерде жасаса, –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер сыйлықтың құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамның бұрын жасалған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған кезде сыйлық ретінде мүлікті, мүлікке құқықты немесе өзге де мүліктік пайданы алғаш рет алуы маңызының аздығына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртіптік немесе әкімшілік тәртіппен қудаланады.
367-бап. Пара беру
Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзі немесе делдал арқылы пара беру –
параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Елеулі мөлшерде жасалған дәл сол әрекет –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) ірі мөлшерде;
3) бірнеше рет
жасалған болса – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның қырық еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды аса ірі мөлшерде немесе қылмыстық топ жасаса, –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертпе.
1. Бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамға сомасы немесе құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сыйлық беру, егер осы адам жасаған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластыққа байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
2. Пара берген адам, егер оған қатысты осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адам тарапынан пара бопсалау орын алса немесе егер бұл адам құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органға пара беру туралы өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
368-бап. Парақорлыққа делдал болу.
1. Парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушы мен пара берушіге олардың арасында пара алу және беру туралы келісімге қол жеткізуге немесе іске асыруға ықпал ету, –
параның он еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет не қылмыстық топ немесе адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет, –
параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.