Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, радиациялық және экологиялық қауіпсіздік

Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, радиациялық және экологиялық қауіпсіздік

"ЗАРЕЧНОЕ" бiрлескен кәсiпорны" акционерлiк қоғамы өндiрiстiк қызметтi еңбектi қорғау, өнеркәсiптiк, ядролық және радиациялық қауiпсiздiк, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК АҚ-тың саясатына қатаң сәйкестiкте жүзеге асырады.

Басқару жүйесінің негізі жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне басымдық беру, халықтың сенімді қорғалуын қамтамасыз ету және қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайту қағидаты болып табылады.

Қауіпсіздік саласындағы қызметтің негізгі қағидаттары

Қоғамның қызметі мыналарды көздейтін, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ саясаты қағидаттарын мүлтіксіз сақтау негізінде құрылады:

  • қоғамның және мердігерлік ұйымдардың барлық жұмыскерлерінің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету;
  • Қоғам қызметіне қатысы бар адамдардың қауіпсіздігіне кепілдік беру;
  • еңбекті қорғауды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесін ұдайы жетілдіру;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының және халықаралық стандарттардың талаптарын қатаң сақтау;
  • өндірістік объектілерді орналастыру аудандарында экологиялық тепе-теңдікті ұстап тұру және табиғи экожүйелерді сақтау.

Қоғамның еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ұзақ мерзімді мақсаттары

"ЗАРЕЧНОЕ" БК" АҚ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық мақсаттарды айқындайды:

  • өндірістік жарақаттанудың нөлдік деңгейін ұстап тұру;
  • радиациялық апаттар мен персоналдың белгіленген сәулелену дозаларының артуына жол бермеу;
  • қоршаған ортаға әсер етудің рұқсат етілген деңгейлерінен асып кету жағдайларын болдырмау;
  • бұзушылықтар туралы хабарламалар жүйесін әзірлеу және енгізу және ашық коммуникацияны ынталандыру (Speak-up culture);
  • әрбір қызметкердің жауапкершілігіне негізделген еңбек қауіпсіздігі мәдениетінің жоғары деңгейін қалыптастыру.

Қауіпсіздікке кешенді көзқарас

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерінің талаптарына сәйкес, Қоғам мыналарды қамтитын шаралар кешенін іске асырады:

 • объектілердің, персоналдың және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

 • өндірістік және өнеркәсіптік қауіпсіздік;

 • санитарлық-гигиеналық іс-шаралар;

 • өрт қауіпсіздігі;

 • экологиялық қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;

 • еңбекті қорғау және персоналдың құзыретін арттыру.

Қауіпсіздік саласында іске асырылатын іс-шаралар

Өндірістік қауіпсіздік

Жыл сайын өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және жабдықтардың сенімділігін арттыруға бағытталған техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар кешені іске асырылады:

          • ЖҰС кенішінің сыйымдылық паркіне және Тасымалдау базасына дефектоскопия жүргізу;

 • гидротехникалық құрылыстардың (ГТП) жаңа блоктарында өзіне-өзі көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру;

 • агрессивті ортада пайдаланылатын ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеру;

 • өртке қарсы іс-шараларды іске асыру және өртке қарсы жүйелердің жай-күйін бақылау;

 • өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды зарарсыздандыру, залалсыздандыру және дератизациялау;

  • жұмыскерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен (ЖҚҚ) және арнайы тамақпен қамтамасыз ету;

 • дәрі-дәрмек сатып алу және дәрі қобдишаларын үнемі толықтырып отыру;

 • жұмыскерлердің жыл сайынғы және күнделікті профилактикалық медициналық тексерулерін өткізу.

 Өндірістік оқыс оқиғалардың алдын алу және еңбек қауіпсіздігін бақылауды арттыру мақсатында бейнеаналитика  жүйесі (БАЖ) енгізілді.

 • қауіпті аймақтар мен сызықтарды автоматты түрде анықтау және бекіту;

 • қызметкерлерде жеке қорғаныс құралдарының болуын бақылау;

 • қауіпсіздік талаптарының бұзылуына жедел ден қою;

 • жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін бейне деректерді талдау.

Бұл жүйе қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және өндірістік тәртіп мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.

Бейнеаналитика жүйесінен (БАЖ) бөлек, "ЗАРЕЧНОЕ" БК" АҚ-мен жұмыскерлердің ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық тексеріп-қаралуын жүргізуге арналған Медициналық тексеріп-қараудың автоматтандырылған жүйесі (МТАЖ) енгізілді.

МТАЖ қамтамасыз етеді:

          • жұмыскерді автоматты түрде сәйкестендіру (карта, рұқсаттама немесе биометриялық деректер бойынша);

 • ішіне орнатылған алкотестердің көмегімен масаңдығын тексеру;

 • температураны, қысымды және тамыр соғысын өлшеу;

 • деректерді тіркеу және медициналық тексерулердің электрондық базасына жіберу;

 • шаршау, әлсіздік және денсаулық үшін ықтимал қауіп белгілерін анықтау.

Бұл жүйе жұмыскерлердің жай-күйін жедел бағалауға, алкогольдік мас күйде немесе өзін нашар сезінетін адамдардың жұмысқа кіруін болдырмауға, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздіктің жалпы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қоршаған  ортаны қорғау

Табиғатты ұтымды пайдалану және қоршаған ортаға әсерді барынша азайту мәселелеріне ерекше назар аударылады:

 • ЖҰС кенішінің өнеркәсіптік алаңынан, вахталық кенттен және Тасымалдау базасы учаскесінен қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) тұрақты шығару;

 • мамандандырылған ұйымдардың өнеркәсіптік және медициналық қалдықтарды шығаруы;

 • ауаның, судың және топырақтың ластану көздеріне бақылау өлшемдерін жүргізу;

 • жобалық-нормативтік құжаттаманы әзірлеу, қажет болған жағдайда эмиссияға рұқсат алу;

 • жерді қалпына келтіру және рекультивациялау  жөніндегі шараларды енгізу.

 Радиациялық  қауіпсіздік

Радиациялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін ұстау және персоналдың сәулелену дозаларын бақылау мақсатында мыналар жүргізіледі:

 • қатты төмен радиоактивті қалдықтарды (ҚТРҚ) шығару;

 • радиациялық әсерге ұшырайтын «А» санатындағы персонал жұмыскерлерін жеке дозиметрлік бақылау (ЖДБ);

 • дозиметрлік бақылау аспаптарын тексеру, калибрлеу және жөндеу;

 • аспаптар паркін жаңарту, заманауи өлшеу жабдықтарын енгізу.

"ЗАРЕЧНОЕ" БК" АҚ еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік, радиациялық және экологиялық қауіпсіздікті басқару жүйесін дәйекті түрде дамытып, жетілдіреді.

Компанияның негізгі басымдығы - жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ корпоративтік жауапкершілігі мен саясаты қағидаттарына сәйкес  қоршаған ортаға әсерді азайту және орнықты даму.