Сыбайлас жемқорлыққа Қоғамның мүлдем төзбеушілігі туралы
Өздеріңіз білетіндей, біздің елімізде әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру бағыты қолға алынып отыр.
Бұл әр түрлі бағыттар бойынша жүйелі жұмысты талап етеді.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін институттар мен тетіктерді құруға бағытталған мақсатты және кезең-кезеңмен бағдар ұстанады.